«Торпедо» үш шайба басымдығын сақтап қала алмады

«Торпедо» үш шайба басымдығын сақтап қала алмады

ЖХЛ тұрақты чемпионатында өскемендік «Торпедо» өз айдынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командаға тольяттинскілік «Лада» қонаққа келген. Өскемендіктер бірінші кезеңде 3 гол айырмашылығымен алда болған, бірақ кейінгі екі кезеңде бес шайба жіберіп қойды. Осылайша, матч қонақтардың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды.

«Торпедо» сапында Максим Капитуров, Талғат Жайлауов пен Евгений Рымарев көзге түсті.

Енді 28 желтоқсанда Өскеменде «Торпедо» қарағандылық «Сарыарқаны» қабылдайды.

«Торпедо» — «Лада» 3:5 (3:0, 0:1, 0:4)
Шайбалар:
1:0 — 01:49 Капитуров (Дюков).
2:0 — 06:24 Жайлауов (Полозов, Рымарев).
3:0 — 18:06 Рымарев (Полозов).
3:1 — 28:18 Метлюк (Чистов).
3:2 — 46:55 Мастрюков (Тимирёв, Майоров). Басымдықта
3:3 — 55:46 Мастрюков.
3:4 — 57:25 Чистов.
3:5 — 59:50 Мастрюков. Бос қақпаға
Қақпашылар: Печурский — Скрынник

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или