Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Швейцариядан ұтылды
2019 жылы өтетін шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы кезекті бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, жастар құрамасы Швейцариядан 1:4 есебімен ұтылып қалды.
Швейцариялықтар бірінші кезеңде екі шайба соқса, екінші кезеңде біздің қақпаны тағы да екі рет нысанаға алды. Үшінші кезеңде Саян Даниярдан пас алған Самат Данияр қарсылас қақпасына гол соқты.
Әлем чемпионатында Швейцария «А» тобында ойнаса, Қазақстан «Б» тобында сынға түседі.
ҚАЗАҚСТАН U20 – ШВЕЙЦАРИЯ U20 1:4 (0:2, 0:2, 1:0)
0:1 – Вербун -11:16
0:2 –Мюллер -12:49
0:3 – Курашев - 28:56
0:4 – Сигрист - 33:57
1:4 –Данияр См. (Данияр Сн.)-52:53
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или