Хабибтің қарымта бағасы қанша
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегормен болатын реванш жайында айтып, өз талаптарын алға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«<span>Бізбен қайта жұдырықтасқысы келе ме? 30 миллион беріңіздер, жұдырықтасайық! Бұл МакГрегорға ұсыныс. 15 миллион ұсынды. Не үшін? 30, жігіттер, 30</span>», — дейді Нурмагомедов (үлкені).
Хабибтің әкесінің пікірінше, МакГрегорге Нурамгомедовпен қайта кездесудің қажеті жоқ. «Конор реванш керек десе, ең алдымен Ислам Махачев, Тони Фергюсондармен шығып, өзінің бағын байқап көрсін».
<span>Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нурмагомедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или