Titan FC 51: Бейбіт Назаров жеңіліп қалды
<span>Almaty Arena көпфункционалды спорт кешенінде өткен «Titan FC 51» Халықаралық турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Бейбіт Назаров (14-3) пен америкалық Мартин Браун (12-5) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
<span>Жекпе-жек толық бес раундқа жалғасты. Жегілікті жанкүйерлердің жан ұшыра қолдауына қарамастан Бейбіт жеңіс туын желбірете алмады. Қазақстандық спортсүйер қауымның өкінішіне орай төрешілер америкалық спортшының қолын көтерді.</span>
<span>Айта кетейік, аралас жекпе-жек (ММА) бойынша «Titan FC 51» турнирін халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или