«Titan FC 51» Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді

«Titan FC 51» Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді

21 желтоқсанда «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Titan FC 51» деп аталатын халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айтулы жарыста Қазақстан, Бразилия, Қытай, АҚШ, Канада және тағы басқа елдердің келген мықты спортшылары күш сынасады.

Турнирде 15 жекпе-жек өткізу жоспаранып отыр. Оның ішінде екі титулды жекпе-жек бар. Атап айтсақ, 57 келі салмақтағы чемпиондық белбеуді колумбиялық Хуан Пуэрта (15-6) мен қазақстандық спортшы Қазыбек Әшімов (13-3) сарапқа салатын болады. Ал жекпе-жек кешінің басты кездесуінде отандасымыз Бейбіт Назаров (14-3) пен америкалық Мартин Браун (12-5) күш сынасады. Олар жеңіл салмақта (70,3 кг) уақытша чемпиондық белбеу үшін талсады. 

«Titan FC 51» аралас жекпе-жек кешін 21 желтоқсан күні сағат 19:00-ден бастап "QAZSPORT" арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или