Бокс

Қанат Ислам: «QAZAQ promotions» есігі барлық қазақ боксшыларына ашық

Қанат Ислам: «QAZAQ promotions» есігі барлық қазақ боксшыларына ашық
news-banner7
mobile-news-top

«QAZAQ promotions» ,барлық қазақ боксшыларына қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Промоутерлік компанияны АҚШ-та жүрген кезімде құрдым. Басты мақсатымыз - қазақ кәсіпқой боксын дамыту. Елімізде талантты боксшылар көп, алайда барлығы ұлттық құрама қатарына кіріп, олимпиадаға қатысуға мүмкіндік ала бермейді. Ал келесі Олимпиадаға қатысуға үшін тағы қаншама жылдарын өткізіп алады. Сондықтан, біз осы спортшылардың кәсіпқой бокста жетістікке жетуіне көмектессек деп ойлаймыз. Әзірге нақты ешкіммен келісімшарт жасасқан жоқпыз. Алайда, біз барлық қазақ боксшыларына қолдау көрсетеміз», - деді Қанат.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Дәулет» спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бокс кешінде Айдар Шарыбаев, Елшат Нығыметоллаұлы, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер