Альварес Головкинмен келіссөздің болғанын жоққа шығарды

Альварес Головкинмен келіссөздің болғанын жоққа шығарды

Орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) және WBC бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес алдағы жылдың көктемінде үшінші жекпе-жек өткізу туралы Геннадий Головкиннің өкілдерімен келіссөздің болғанын жоққа шығарды, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Головкин<span>ен үшінші жекпе-жек туралы ешқандай келіссөз болған емес. Мұның бәрі бос әңгіме. Өз басым бұл жекпе-жек туралы ешкіммен сөйлеспедім. Болашағыма құрметпен қараймын. 15 желтоқсан күні мені үлкен сынақ күтіп тұр. Одан кейін біраз демалып, мамыр айына жоспар жасаймыз. Әзірге айтарым, мұның бәрі қауесет, - деді Сауль Альварес ESPN Deportes арнасына берген сұқбатында.</span>

«Канело» 15 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында екінші орта салмақта WBA чемпионы, британдық  Рокки Филдингке (27-1, 15 КО) қарсы жұдырықтасады. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы келер жылдың мамыр айында жұдырықтаспайтын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Сауль Альварестің 4 мамыр күні кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 2017 және 2018 жылдардың қыркүйек айларында жекпе-жек өткізген. Алғашқы кездесуде қос боксшы тең түссе, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, WBА және WBC чемпиондық белбеулерін иемденді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или