Бокс

«Канело» Головкиннің орнына Джейкобсты таңдады

«Канело» Головкиннің орнына Джейкобсты таңдады
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль Альварестің келесі қарсыласын атады, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Канело» 15-ші желтоқсан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында екінші орта салмақта WBA чемпионы, британдық Рокки Филдингке (27-1, 15 КО) қарсы жұдырықтасады.

Егер Сауль Альварес жеңіске жетсе оның промоутері 4-ші мамыр күні екінші орта салмақта IBF чемпионы, америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізуге қолға алмақ. Тіпті, Де Ла Хойя бұл күнге Madison Square Garden аренасын жалдап қойған.

- Джейкобс біздің тізімдегі басты қарсыластардың бірі. Тыңдаңыздаршы, Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарлолар - бәрі өзінің мүмкіндігін алады. Бұл проблема емес. Өйткені «Канело» тек мықтылармен жұдырықтасады. Тізімде кім бірінші? Өз басым «Канело» мен Джейкобстың жұдырықтасқанын қалаймын. Дэнни жақсы көремін. Ол - ерекше жауынгер, - дейді Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя TMZ Sports арнасына берген сұқбатында.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы келер жылдың мамыр айында жұдырықтаспайтын хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 2017 және 2018 жылдардың қыркүйек айларында жекпе-жек өткізген. Алғашқы кездесуде қос боксшы тең түссе, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, WBА және WBC чемпиондық белбеулерін иемденді.
Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер