Головкиннің бапкері оның қанша жекпе-жек өткізетінін айтты
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес оның қанша жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Головкин тағы 2-3 жыл бокстасады деп ойлаймын, бірақ осы уақытта мол нәтижеге қол жеткізу керек. Егер бәрі де осы жоспарға сәйкес болса, Головкиннің әлі 5 немесе 6 жекпе-жегі бар деп ойлаймын», - деді Санчес.
<span>Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA Super, The Ring нұсқалары бойынша титулдарынан айырылған болатын.</span><span><br /><br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или