Бокс

Головкиннің бапкері оның қанша жекпе-жек өткізетінін айтты

Головкиннің бапкері оның қанша жекпе-жек өткізетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес оның қанша жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкин тағы 2-3 жыл бокстасады деп ойлаймын, бірақ осы уақытта мол нәтижеге қол жеткізу керек. Егер бәрі де осы жоспарға сәйкес болса, Головкиннің әлі 5 немесе 6 жекпе-жегі бар деп ойлаймын», - деді Санчес.

Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA Super, The Ring нұсқалары бойынша титулдарынан айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер