Қанат Ислам шаршы алаңға оралады

Қанат Ислам шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған «Qazaq» лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. 9 раундта қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын.</span>

<span>23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан. </span>

<span>Ал қыркүйек айында BoxRec сайтында 34 жастағы боксшы мансабын уақытша тоқтатқаны туралы ақпарат таратқан еді. Ендігі Қанат Ислам жарақатынан жазылып, жаттығуға кіріскенін мәлімдеді. Ал наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізуі мүмкін. </span>

<span>Бұған дейін Қанат Ислам жарақатының салдарынан уақытша жекпе-жекке шықпайтынын айтып, жанкүйерлеріне алғысын білдірген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или