Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz

- Ассалаумағалейкум баршаларыңызға! Өздеріңіздің ыстық ықылас, жылы пейіл, риясыз сүйіспешіліктеріңіз бен таудай сенімдеріңіздің арқасында азды-көпті жетістікке жетіп, көктуымзды желбіретуге барымды салып келе жатқанымды білесіздер. Алла қаласа бұл ұмтылыс, қайтпас құлшыныс жалғасатын болады.

Барлықтарыңыз білетіндей спорт жолы - айтарлықтай күрделі жол.

Өйткені онда бір ғана адамның, жеке спортшының мақсаты жатқан жоқ. Онда - күллі ұлыстың, тәуелсіз елдің, қаймана қазақтың, қара ормандай жұрттың арман-мақсаты, сенімі мен үміті ұялаған.

Онда ұлттың намысы, желбіреген тудың асқақтағы, үлбіреген үлкен-кішінің талап-тілегі жатыр. Өзім деген спортшы сайыс майданына осылардың барлығын арқалап шығады. Арқалап шыққан екен, қандай қамал болса да аулы керек.
Бұл менің спорт жолымда, өмір сапарымда ұстанған бұлжымайтын қағидам. Спорт майданы - тәуекел алаңы. Онда сан түрлі сынақ күтіп тұрады. Соның бәріне дайын болу қажет.

Біраз уақыт шаршы алаңнан шеттеліп қалған жайым бар. Оған себеп - сайыс пен жаттығу кезінде жазатайым алған жарақат.
Физикалық тұрғыда сақадай-сай болу спортшыны жеңіс жолына жетелейтін мүмкіндіктердің негізгісі.

Осыған орай аз уақыт емделіп, алдағы айқас алаңына алаңсыз шығу үшін кідіріс жасағаным бар. Бұйыртса, ол қиындықтардың бәрі артта қалды.

Сіздердің жақсы тілек, ақжарма көңілдеріңіздің лебімен, дәрігерлердің шипасының арқасында қазір қалпыма келіп, жаттығуды қайта жалғастырдым. Ендігі мақсат - кәсіпқой бокстың кез-келген бәсекесінде намыс отын жанып, шаршы алаңда атой салу.

Сіздердің қолдау, қуаттарыңызға зор алғыс. Ел сенімін ақтап, қуанышты жүректеріңіздің лүпілін сезіну мен үшін үлкен бақыт.
Жолымыз ашық, пәле-жала қашық болсын!

Қуанышты, жеңісті күндерде жүздесейік.

Алға қазақ елі! Ұлдарыңызға ұлағатты жүректеріңізбен рух беріңіздер!, - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Шаршы алаңға соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде шыққан. Ол кезде Қанат Ислам канадалық боксшы Брэндон Кукты ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или