Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында медальсіз қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында медальсіз қалды

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Кумамото қаласында өткен Азия чемпионатында медальсіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандық гандболшылар Қытай командасына 27:21 (13:11, 14:10) есебімен жол берді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтық біріншілікте тағы да жүлдеден қағылды. Десе де, біздің құрама 2019 жылы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или