Бокс

Головкинмен қарсыласы болуы мүмкін боксшы қамауға алынды

Головкинмен қарсыласы болуы мүмкін боксшы қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

WBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Деметриус Эндрейдті заңсыз қару алып жүргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Allboxing порталына сілтеме жасап.

Полицейлер боксшының сөмкесінен Glock 19» тапаншасы және 10 оқты тапқан. Ал оған рұқсат беретін құжат болмай шыққан.

Деметриус Эндрейд қаруды өзін қорғау үшін ұстап жүргенін түсіндірді.

30 жастағы боксшы Рой-Айленд штатының заңына сәйкес, бір жылдан он жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Сонымен қатар 10 мың доллар көлемінде айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен бір салмақ санатында өнер көрсететін Деметриус оның кездесуі мүмкін қарсыластарының бірі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер