Шайбалы хоккейден жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Шайбалы хоккейден жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастады. «В» тобына түскен біздің құрама АҚШ, Швеция, Словакия және Финляндия командаларымен сынға түседі деп жазады Olympic.kz. 

Жастар құрама командасының бас бапкері<span> </span>Сергей Старыгин<span> </span>команданың дайындығы мен жоспарын қысқаша түсіндіріп өтті. 

«Чемпионатқа дайындықты шілде айында бастап кеткенбіз. «Қар барысы» жастар командасы ұлттық құраманың негізін құрап отыр. Бүгінде командада «Қар барысы», «Теміртау» және «Астана» клубтарының мүшелері бар. Барлық жігіттердің дайындығын тексерудеміз. Канадаға жеткен соң тактиканы жетілдіре бастаймыз», - дейді бапкер. 

Старыгиннің айтуынша, жастар құрамасы Канадада бір ай оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

«Біздің алдымызда толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, Канададағы жергілікті студенттік клубтармен және Швейцрия құрамасымен жолдастық кездесу өткіземіз. Біздің топтағы басты фаворит – шведтер. Дегенмен, барлық командамен жақсы ойын өткізуге болады», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или