Қысқы

ҚР ІІМ: Көлде сырғанаған бойжеткен режімді нысанның шекарасын бұзбады

ҚР ІІМ: Көлде сырғанаған бойжеткен режімді нысанның шекарасын бұзбады
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғам арасында талқыға түскен бейнероликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасай отырып Prosports.kz

Facebook қосымшаларының жұмысы қалпына келді Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, промо-видео туристер арасында Қазақстанның танымалдығын арттыратын құрал болып отыр.

Ал видео кейіпкері режімді нысанның шекарасын бұзбаған. Сондықтан, ол ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кету керек, Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкартованың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл бейнероликті 2 апта ішінде 1 миллион адам көрген. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бойжеткеннің биі мен сырғанау мәнеріне таң қалысты. Кейбіреулер бұл видеоның Канада көлдерінде, Сібірдегі Байкал көлінде түсірілген деп топшылаған.

Ал қолданушылардың бірқатары бұл видеоны заңға қайшы деп тапты. «Үлкен Алматы көлі қаланың ауыз суы резервуары болып табылады. Бұл қыз қалайша соны таптап, үстінде жүр. Шекара қызметкерлері, қарауылдар қайда? Біз енді осы суды ішеміз бе?», деген ашулы комментарийлер қалдырды.

Тіпті Америкалық шоу өкілдері Ксенияға хабарласып, видеосын пайдалануға рұқсат сұраған.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер