Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатында кезекті жеңісіне жетті
Гандболдан Азия чемпионатының топтық кезеңі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы А тобындағы үшінші матчын өткізді.
Жапонияда өтіп жатқан додада отандасымыз Жаңа Зеландия өкілдерімен кездескен. Матч қазақстандықтардың пайдасына аяқталды – 51:14.
Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын жапон гандболшыларына қарсы өткізеді. Бұған дейін Қазақстан Аустралия мен Иран құрамаларын жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или