Гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Жапонияның Кумамто қаласында гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті.
Қазақстандық гандболшылар Австралиямен өткен кездесуде 32:24 есебімен қарсыластан басым түсті.
Азия чемпионатында біздің команда Жапония, Австралия, Иран және Жаңа Зеландиямен бірге "А" тобына түскен.
Топтық кезеңдегі екінші матчты біздің құрама ертең Иранға қарсы өткізеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрама командасы гандболдан екі мәрте Азия чемпионы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или