Күрес

«Әлем Барысы» чемпионатын қайдан көрсе болады

«Әлем Барысы» чемпионатын қайдан көрсе болады
news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 29 елдің балуаны қатысады. Қазақстан намысын бес балуан қорғамақ.

Биылғы біріншіліктің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 10 миллионы жеңімпазға тиесілі. 6 миллион екінші, 3 миллион теңге үшінші орын иегеріне табысталады. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Сонымен қатар, биыл алғаш рет «Жеңіске деген талпынысы үшін» номинациясы бойынша 1 миллион теңге сыйақы да бар. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Еске сала кетейік, «Әлем Барысы» чемпионатын «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары 2 желтоқсан күні сағат 12:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Түпнұсқасы: qazsporttv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер