Ризабек Айтмұхан: «Апта оңай болған жоқ…»
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан соңғы жетістіктерінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшының айтуынша, соңғы апта ол үшін өте ауыр әрі маңызды болған. Осы уақыт ішінде Айтмұхан Қазақстан Кубогында жеңіске жетіп, жастар арасындағы Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы атанды.
«Апта оңай болған жоқ. Осы аптада Қазақстан Кубогының жеңімпазы атандым және Азияның үш дүркін чемпионы болдым. Күн сайын алға жылжимыз, тоқтамаймыз» деп жазды балуан.
Алматыда өткен Қазақстан Кубогында ол 97 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Вьетнамның Дананг қаласында өткен Азия чемпионатында 125 келіде алтын медаль иеленді. Финалда үндістандық қарсыласын 10:0 есебімен айқын ұтты.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан – ересектер арасындағы әлем чемпионы. Бұған дейін ол жастар арасындағы Азия чемпионатын 2022 және 2023 жылдары да жеңіп алған болатын.