Басқа

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатын сәтті басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық гандболшылар Австралиямен өткен кездесуде 32:24 есебімен қарсыластан басым түсті.

Азия чемпионатында біздің команда Жапония, Австралия, Иран және Жаңа Зеландиямен бірге «А» тобына түскен болатын.

Топтық кезеңдегі екінші матчты біздің құрама ертең Иранға қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрама командасы гандболдан екі мәрте Азия чемпионы атанған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер