Дамир Исмағұловты қызықты жекпе-жек күтіп тұр

Дамир Исмағұловты қызықты жекпе-жек күтіп тұр

Жақында ғана ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым қатарына қосылған қазақ жігіті Дамир Исмағұлов UFC-дегі дебютінде кіммен шайқасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

2 желтоқсанда Дамир Исмағұлов (16-2) жеңіліп көрмеген аустралиялық  Алекс Джорджеспен (7-0) сынға түседі.

<span>«Хитман» атымен танымал </span>Алекс Джорджес - 23 жастағы аралас жекпе-жек шебері, Australia Top Team мүшесі, UFN промоушенінің чемпионы. Айта кетейік, аустралиялық файтер де UFC-дегі дебютін жасайды. Жеті рет жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен. 

<span>«Алекс Годжес - мықты қарсылас, қолымен соққы көп жасайды. Аустралияда грэпплинг пен джиу-джитсу жақсы дамығанын білемін, алайда мен оған қарсы тұруға дайынмын. Бұл мен үшін де, ол үшін де үлкен мүмкіндік. Шегіну ойымда жоқ.</span>

<span> UFC-ге шығатын тарихтағы жалғыз қазақпын. Сондықтан маған қазір тек Қазақстаннан ғанан емес, бүкіл Ресей менің жеңісімді күтеді. Аустралияға ұшып барып, маған жанкүйер болатындарын айтып жатыр. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», - дейді Дамир RIA56.RU басылымына берген сұқбатында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или