Исмағұлов UFC жайлы: Жауапкершілікті сезінем
Ресейдің Орынбор облысында туған этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы қарсыласына баға берді.
Исмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 2 желтоқсан Аустралияда болатын UFC Fight Night 142 турнирінде өткізеді. Оның «Хитман» лақап атты жергілікті Алекс Горджес.
«Алекс Годжес -жақсы қарсылас, жеті рет жеңіп, бір жеңілісі бар. Қолымен соққы көп жасайды. Дегенмен Аустралияда грэпплинг пен джиу-джитсу жақсы дамығанын білемін, мен оған қарсы тұруға дайынмын. Бұл мен үшін де, ол үшін де мүмкіндік. Шегіну ойымда жоқ. UFC-ге шығатын тарихтағы жалғыз қазақпын. Сондықтан маған қазір тек Қазақстаннан ғанан емес, бүкіл Ресей мен әлем бойынша жазып жатыр. Аустралияға ұшып барып, маған жанкүйер болатындарын айтады. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», - дейді Дамир RIA56.RU басылымына береген сұхбатында.