Деметриус Джонсон: ONE FC компаниясы маған ұнады
UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсон ONE FC компаниясының дәрежесіне көңілі толатынын айтты.
«Менің бапкерім Мэтт Хьюм Сингапурде жиі болады, Азия жерінде саяхаттағанды ұнатады. Нәтижесінде мен онымен бірге барып ONE FС-дегілермен таныстым. Бапкерім айтқандай, адамдары да жағымды екен. Танысқаныма өте қуаныштымын. Ешкім даңдайсымайды, бәрі де қарапайым адамдар. Тек басшылық емес, спортшылары да сондай», — деді Джонсон BJ Penn-ге берген сұқбатында.
Айта кетейік, Джонсон осы компанияда бірнеше жекпе-жек өткізіп, 10 миллион доллар табыс табады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или