UFC: Дамир Исмағұлов жеңілмеген австралиялықпен кездесуі мүмкін
<span>Жеңіл салмақтағы M-1 Global экс-чемпионы Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидтағы дебюттік кездесуін ешқашан жеңілмеген автралиялықпен өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>
<span>«Кездесу талқылануда! Дамир Исмағұлов(16-2-0) мен Алекс «Хитмэн» Джорджес (7-0-0). UFC Fight Night 142», - делінген Инстаграм парақшасында. </span>
<span>Еске сала кетсек, Орынбор тумасы, қазақ Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидта UFC Fight Night аясында дебют жасайтынын бұрын хабарлаған болатынбыз. Дамир Исмағұлов UFC Fight Night аясында ирландыққа қарсы бокспен қатар, джиу-джитсу және таэквандо элементтері бар жекпе-жекке шығатыны хабарланған. Алайда көп өтпей ирландықтың жарақат алып, айқасқа шығудан бас тартқаны белгілі болған еді. </span>