Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты

Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты

Миастенияға шалдыққан аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Мақсат Өміртаевтың еміне қажетті сома небәрі бірнеше сағат ішінде жиналды, деп хабарлайды Prosports.kz Sputnik порталына сілтеме жасап.

<span> Миастения кезінде адамның бойын әлсіздік билеп, баспалдақпен көтерілу қиындайды, адам қолын жоғары көтеріп, тұра алмайды. Бұл ауру 20-40 жас аралығында байқала бастайды. Дәрігерлер қазір аутоимунды жүйке-бұлшықет ауруына шалдығатындар саны көбейіп бара жатқанын атап өтті.  Миастения туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. </span>

<span>Жас спортшы сирек кездесетін аурумен ұзақ уақыт бойы өзі күрескен, алайда жақында денсаулығы нашарлап, аралас жекпе-жек федерациясынан көмек сұрауына тура келді.  Чемпионға қымбат ем қажет – құны 900 мың теңгеге жуық (Ұлттық банктің бағамы бойынша 2 420 доллар). Федерация президенті Асылбек Дүйсенов мәлімдегендей, емнің алғашқы кезеңіне қажеті сома санаулы сағаттың ішінде жиналған. </span>

<span>Мақсат Өміртаев Теміртау қаласында дүниеге келген. Аралас жекпе-жектен Қазақстан кубогының иегері. Қазір жасы 25-те, жартылай орта салмақта сынға түседі. Спорттық мансабын 2015 жылы бастаған. WEF және JFC турнирлеріне қатысқан.<br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или