Бейбіт Назаров: Жеңіске жетсем, UFC ұйымына жол ашылады
Titan FC 51 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Бейбіт Назаров пікірімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz сайты.
- Бұл кеш мен үшін өте маңызды. Өйткені бұл жекпе-жекте жеңіске жетсем, UFC ұйымына өтуіме жол ашылады. Қазіргі таңда Titan FC өкілдерімен жақсы қарым-қатынастамыз. Олардың Қазақстанның дамыған ел екендіне көздері жетіп отыр», - деді ММА спортынан екі дүркін әлем чемпионы Бейбіт Назаров.
Айта кетейік, 21 желтоқсан күні Алматы қаласында <span>Titan FC-дің 51-ші турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Бейбіт Назаров </span>Мартин Браунға (12-5) қарсы жұдырықтасады. Олар жеңіл салмақта уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или