Қазақ жігіті ММА-ден әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақ жігіті ММА-ден әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ұлты қазақ Данияр Қадіров Ресей құрамасы сапында ММА-ден әлем чемпионатында жүлде иеленді.

Әлемдік дода Бахрейнде өткен болатын. Жарысты әлемдік екі федерация - IMMAF пен WMMAA бірігіп ұйымдастырды.

Әлем чемпионатына 52 елден қатысушы келген. Ресей құрамасы ересектер арасында да, жасөспірімдер арасында да бірінші орын алды.

Данияр Қадіров «18-20 жас» дәрежесінде сынға түскен. Ол 70,3 келі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или