Сағадиев: ҚХЛ-да ойнау ойымызда бар
«Алматы» ХК директоры Дидар Сағадиев клубтың ребрендингі және ренеймингі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>- Егер сіз «Қайрат» деген атауды естісеңіз, бірден алматылық футбол жайлы ойлайсыз. Ал «Алматы» ХК жайлы сөз қозғалғанда, қаланың қонақжайлылығы ғана ойыңа оралады. Сондықтан біз келесі маусымнан бастап клубтың атын өзгертеміз деп шештік. «Жолбарыс» деген атау тегінен тегін қойылған жоқ. Фан-клубтың сұрауымен біз тұран жолбарысын сол күйі қалдырдық. Себебі, бұл клубтың бренді. Ойын жейделерін де ауыстырдық. Қазақстан хоккей федерациясы жейделерді ауыстыруға рұқсат бергені үшін алғысымыз шексіз. Құрлықтық хоккей лигасына өту ойымызда бар. Бірақ, бұл бір күнде істеле салатын шаруа емес. Алдымен Жоғарғы хоккей лигасына шығуға тырысамыз. Кейіннен ақырындап ҚХЛ-ға да қадам басармыз, - деді Сағадиев. </span>