«Барыс» хоккейшісі жарақат алды

«Барыс» хоккейшісі жарақат алды

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Джэсси Блэкер ойын кезінде алған жарақаты салдарынан екі аптадай жарысқа қатыса алмайды. 

«Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі канадалық қорғаушының 12 қараша күні «Сибирь» командасымен өткен мачта жарақаттанғанын мәлімдеді. Бұл ойында «Барыс» клубы 2:1 есебімен қосымша уақытта жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Блэкер Құрлықтық хоккей лигасының ойындарынан екі аптадай тыс қалады.<span> </span>

Айта кетсек, кеше өткен мачта астаналық клуб «Амур» командасынан 5:6 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или