Хабибтің менеджері Макгрегор туралы пікірін білдірді
Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Әзиз YouTube видеохостингіндегі спорттық арналардың біріне берген сұқбатында Макгрегор жайында еш қысылмастан, пікірін ашық айтты.
Абдель-Әзиз Макгрегордың жекпе-жекті ұйымдастыру барысында да бірнеше рет Хабибке және оның отбасына тіл тигізгенін есіне алды.
- Маған және отбасыма тіл тигізгені үшін Макгрегордың мұрнын бұзғым келеді. Хабиб одан кек қайтарды, ал мен үлгермедім. Промоушен жағынан Макгрегор ойынды өзгертті, бірақ ол сол күйі жезөкше болып қала бермек, - деді менеджер.
Сонымен қатар, ол жекпе-жектен ирландық спортшының тірі шыққаны төрешінің арқасы екенін айтып өтті. Әзиздің сөздеріне сенсек, Макгрегор UFC-ке досы Артем Лобовтың арқасында ғана келіпті.
Оның ойынша Макгрегор да, Мейвезер де өздерін күрескер атауға құқылары жоқ екен.