Нұрбол Серіков самбодан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков Румыния астанасы Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүниежүзілік доданың алғашқы күні қарсылас шыдатпаған Нұрбол 68 кг салмақта финалда Әзербайжан елінің өкілі Эмиль Хасановпен кілемге шықты.
Аса тартысты белдесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Дегенмен соңғы ұпайды қазақстандық палуан алғандықтан, жеңіс Нұрболға берілді.
Әлем біріншілігі 11 қараша күні мәреге жетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или