Қазақстан Оңтүстік Корея хоккейшілерінен басым түсті

Қазақстан Оңтүстік Корея хоккейшілерінен басым түсті

Қазақстандық хоккейшілер Euro Challenge турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Propsorts.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Юрий Михайлис жаттықтыратын біздің команда Венгрияда өтіп жатқан турнирдің екінші кездесуінде Оңтүстік Корея хоккейшілерінен басым түсті. Қорытынды есеп 3:5.

Қазақстан құрамасынан үш шайба соққан Егор Петухов үздік ойыншы деп танылды.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ - ҚАЗАҚСТАН 3:5 (0:2, 2:2, 1:1)

0:1 - Степаненко (Нургалиев, Королинский) - 14:31 ГБ
0:2 - Петухов (Гурков, Ибрайбеков) - 15:05
1:2 - Ли Дон (Джин Джун, Ким Ки) - 24: 16 ГБ
1:3 - Петухов (Гурков, Гурин) - 25:00
1:4 - Борисевич (Яковлев, Некряч) - 25:18
2:4 - Шин  (Сон, Мын) - 30:54
3:4 - Ан Жин (Нам, Ким Сан) - 47:14 ГБ
3:5 - Петухов (Гурин, Гурков) - 54:28 ГБ

Енді Қазақстан командасы 9 қарашада Италия ойыншыларымен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или