Ресми: Мейвезер ММА ережесімен жекпе-жек өткізеді

Ресми: Мейвезер ММА ережесімен жекпе-жек өткізеді

Бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Флойд Мейвезер 31 желтоқсанда аралас жекпе-жек (ММА) ережесі бойынша алғашқы кездесуін өткізеді.

Жекпе-жек Токиода Rizin ұйымының аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы Rizin ресми түрде хабарлады. 41 жастағы америкалық спортшының қарсыласы жапониялық кикбоксшы Тенсин Нацукава болмақ.

Мейвезер кәсіпқой бокста 50 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтады. Ал Нацукава ММА-де 4 кездесуге қатысып, бәрінде де жеңіске жетті.

Бұған дейін UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Мейвезерді екі жекпе-жек өткізуге шақырған болатын. Хабибтің ұсынысы бойынша, оның біріншісі бокс ережесімен, екіншісі ММА ережесімен өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или