Қазақстан құрамасының шабуылшысы ҚХЛ сұрмергендер тізімінде көш бастады
«Автомобилист» клубының қазақстандық шабуылшысы Найджел Доус Құрлықтық хоккей лигасының сұрмергендер тізімінде көш бастады.
«Сибирьге» (4:2) қарсы ойында Доус бір шайба салып, үш нәтижелі пас берді. Соның арқасында хоккейші 33 (11+22) ұпай жинап, бомбардирлер көшін бастады. Екінші орындағы СКА шабуылшысы Никита Гусевте 30 (7+23) ұпай бар.
Айта кетейік, «Автомобилист» осы маусымдағы 25-ші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или