Хабиб халықаралық іздеуде жүрген Олимпиада чемпионымен кездесті
Жеңіл салмақ дәрежесіде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов БАӘ-де еркін күрес бойынша 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Сагид Муртазалиевпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Муртазалиев саясатқа араласты. «Единая Россия» партиясының атынан Дағыстан халықтық ассамблеясының депутаты болды және Ресей зейнетақы қорының Дагестандағы филиалын басқарған.
2015 жылы ол терроризмді қаржыландырды, тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланды.
UFC champ Khabib Nurmagomedov met with alleged criminal Sagid Murtazaliev during Dubai visit. Murtazaliev is an Olympic gold medalist accused of financing terrorism in 2015 and is a suspect in several murders. He fled Russia and is wanted by the government (h/t @RRigan97) pic.twitter.com/h4R5kc5DOm
— Karim Zidan (@ZidanSports) 2018年10月31日