«Барыс» - «Трактор»: тікелей трансляция
Елордалық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Челябінің «Трактор» командасын қабылдайды, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 19:30-да басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.</span>
Айта кетейік, «Барыс» соңғы кездесуінде Владивостоктан келген «Адмирал» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл қазақстандық ұжымның қатарынан алтыншы жеңісі. «Барыс» сапынан команда капитаны Брэндон Бачински алғашқы және соңғы периодта дубльмен көзге түсті.
Қазіргі сәтте «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясында 32 ұпаймен 4-ші орында келеді. Келесі ойын 1 қараша күні «Трактор» командасына қарсы өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или