Қазақстан құрамасының ойыншысы «Автомобилистің» жеңіске жетуіне көмектесті
Найджел Доустың голы «Автомобилистке» жеңіс әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрлықтық хоккей лигасының аясында «Автомобилист» Екатеринбургте «Йокеритті» қабылдады. Финляндиядан келген қонақтар ойында есеп ашқанымен жеңілістен құтыла алмады. Доустың командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, «Автомобилист» осы маусымда 24 ойынның 23-де жеңіске жеткен болатын. Андрей Мартемьяновтың командасын тек «Барыс» қана жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или