ҚХЛ: «Барыс» алтыншы жеңісін тойлады
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің Владивосток қаласының «Адмирал» клубын қабылдады.
Кездесу елордалықтар үшін сәтті басталып, «Барыс» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында Минскінің «Динамо» командасын 3:1, Подольскінің «Витязін» 3:1, Новосібірдің «Сибирь» клубын 5:2 есебімен жеңген болатын.
«Барыс» енді 1 қарашада Челябинскінің «Тракторын» қабылдайды. 3 қарашада Минскінің «Динамо» (Беларусь), 5 қарашада Братиславаның «Слован» (Словакия), 12 қарашада Новосібірдің «Сибирь» клубтарымен кездеседі.
«Барыс» (Астана) – «Адмирал» (Владивосток) 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)
1:0 - Боченски - 7:55
2:0 - Боченски (Бойд) - 42:11 (5х4)
Қақпашылар: Граховина – Серебряков
Соққылар: 36 – 28
30 қазан. Астана. «Барыс-Арена». 4 847 көрермен