Күрес

Айдос Сұлтанғали мен Меиржан Шермаханбет жартылай финалға жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Будапештегі күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуандары Айдос Сұлтанғали (60 кг) мен Меиржан Шермаханбет (67 кг) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Айдос Сұлтанғали жартылай финалға дейін Украина, Жапония, Қырғызстан елдерінің балуандарын жеңді.

Жартылай финалда Айдос Сұлтанғали ресейлік Сергей Емелинмен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

67 келі салмақта күрескен Меиржан Шермаханбет те жартылай финалға дейін кілең мықты балуандарды жеңді.

1/4 финалда отандасымыз Азия ойындарының қола жүлдегері Мохаммад Реза Гераиден 9:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Енді жартылай финалда Меиржан ресейлік Артем Сурковпен күреседі.

Түпнұсқасы: wrestling.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер