Қазақ спортшысы Қытайда қарсылас шақ келтірмеді

Қазақ спортшысы Қытайда қарсылас шақ келтірмеді

Қазақстандық жауынгер Мерген Билялов Қытай елінде Kunlun Fight чемпиондық белбеуін иемденді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қытайдың Тунлин қаласында К-1 ережесі бойынша өткен жарысқа Қытай, Гонконг, Бразилия, Белорусь, Голландия және Қазақстаның спортшылары қатысты. 8 спортшының ішінде қазақстандық Мерген Билялов үздік шықты.

Чемпиондық белбеу жолында Мерген Билялов белорусь және қытайлық қарсыластарын ұтты. Ал финалда Қытай спортшысы Чжан Янды төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 

 

 

 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или