Қайрат Ахметов UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізбек

Қайрат Ахметов UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізбек

Аралас жекпе-жек спортшысы Қайрат Ахметов UFC-дің бұрынғы чемпионы Деметриус Джонсонмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

«Бүгін UFC-дің бұрынғы чемпионы және ММА тарихындағы үздік спортшылардың бірі Деметриус Джонсон ONE Championship-ке ауысады деген жаңалық шықты. Бұл жоспары бойынша ONE қаңтарда айтқан болатын. Демек, UFC аса жеңіл салмақ дәрежесін қысқартады деген сөз. «Құдіретті тышқанды» өз ұйымымда қарсы алатын ONE-ның алғашқы спортшысы болғым келеді. Мен үшін осындай ұлы чемпионмен күш сынасу үлкен құрмет. ONE Championship басшылығына осы жекпе-жекті ұйымдастыруды сұраймын», - деді Ахметов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или