«Алматы» өз айдынында «Теміртауды» сан соқтырды
«Алматы» хоккей клубы ҚР ашық чемпионаты аясында «Теміртаумен» кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Халық Арена» көпфункционалды спорт кешенінде өткен матчта алматылықтардың мерейі үстем болды. Алғашқы кезеңнен-ақ алға шыққан «жолбарыстар» қарсыластарының қақпасына 3 шайба тастады. Айта кету керек, қақпашы Михаил Смольников осы ойында өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін екі команда өзара қатарынан үш кездесу өткізген еді. Екеуінде «Алматы» жеңіске жетсе, бір ойында буллит сериясы бойынша теміртаулықтар басым түсті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или