Хабиб Нурмагомедов әлемнің ең ықпалды мұсылмандарының тізіміне енді
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне кірді, деп хабарлайды 24.kz.
Тізім жыл сайын Themuslim500.com сайтында жаңарып отырады. Нурмагомедовтен бөлек, бұл тізімге тағы жеті спортшы кірген: футболшы Мохаммед Салах, Поль Погба, Месут Озил, бапкер Зинедин Зидан, ФИФА президенттігіне бұрынғы үміткер Али бин Аль-Хуссейн, крикетші Хашим Амла және регбиші Сонни Уильямс.
«Ливерпуль» форварды Мохаммед Салах – топ-50-ге кірген жалғыз спортшы. Ол рейтингтің 46-орнында. Ал жалпы тізімде бірінші тұрған Түркия президенті – Режеп Тайып Эрдоған.
Хабиб Нурмагомедов 2018 жылдың сәуірінде төрешілер шешімімен Эла Яквинтаны жеңіп, UFC чемпионы атанды. Ал 6 қазанда чемпиондық атағын ирландиялық Конор МакГрегорге қарсы сәтті қорғады.