Құрлықтық хоккей кубогы: «Арланның» қарсыластары анықталды

Құрлықтық хоккей кубогы: «Арланның» қарсыластары анықталды

Көкшетаулық «Арлан» командасының құрлықтық хоккей кубогындағы қарсыластары анықталды, деп жазады prosports.kz.

Көкшетаулық клуб «D» тобында бақ сынайды. Барлық матч 16-18 қараша аралығында Францияның Лион қаласында өтеді.

Қазақстанның қазіргі чемпионы турнирдегі жарыс жолын үшінші турдан бастағалы отыр. Олар француздық «Лион», беларусьтік «Гомель» және латвиялық «Курбадс» командаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, құрлықтық хоккей кубогының финалдық кезеңі 2019 жылдың 11 қаңтарынан 13 қаңтары аралығында өтеді.

Матч кестесі:
17 қараша, 00:30. «Лион» - «Арлан»
17 қараша, 19:00. «Арлан» - «Курбадс»
18 қараша, 18:00. «Арлан» - «Гомель».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или