UFC президенті Нурмагомедов-Фергюсон кездесуінің болғанын қалайды
UFC президенті Дана Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың келесі жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізгенін қалайды, деп хабарлайды Рrosports.kz.
«Аралас жекпе-жек жанкүйері ретінде, Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жұдырықтасуы керек деп ойлаймын. Менің ойымша, ол бұл кездесуге лайықты. Тони ешқашан белбеуін жоғалтқан емес. Оның атағын тек жарақат алуына байланысты тартып алды. Конор да белбеуінен жеңіліс арқылы айырылмады. Бірақ чемпиондық атақ үшін күреске түсуге мүмкіндік алған еді», — деді Дана Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.
Айта кету керек, осыған дейін Уайт Нурмагомедов-Фергюсон жекпе-жегін тағы да ұйымдастыруға бел бумайтынын айтқан болатын. Екі спортшының кездесуі әртүрлі жағдайларға байланысты төрт рет болмай қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или