Минеев – Исмаилов: Жеңімпаз анықталған жоқ
Мәскеудегі «ЦСКА Аренеда» өткен Fight Nights Global 90 турнирінің басты жекпе-жегінде Владимир Минеев пен Магомед Исмаилов кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz
Орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін аралас жекпе-жек шеберлерінің кездесуі көп адамның назарын аударған болатын. Жекпе-жек басталған бетте атойлап алға шыққан Исмаилов қарсыласын түтіп жейтіндей көрінген. Алайда уақыт өте өз төбелес мәнерін тапқан Минеев мықты қарсылық таныта білді.
Ал төрешілердің шешімі мынадай болды: 48:46 Минеевтің жеңісі, 48:46 Исмаиловтың жеңісі 48-48 тең – қорытынды есеп бойынша файтерлер тең тарқасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или