ҚХЛ. «Трактор» - «Барыс». Тікелей трансляция
Бүгін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Трактор» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Біздің команда соңғы кездесуінде «Автомобилистті» сырт алаңда 2:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл жеңістен соң «Барыс» Шығыс Конференциясында 22 ұпаймен алтыншы сатыға көтерілді.
Ал бүгін «Барыс» челябілік «Трактормен» күш сынасады. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или