Нурмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтуі мүмкін күн белгілі болды

Нурмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтуі мүмкін күн белгілі болды

UFC файтері Конор Макгрегордің бапкері Джон Кавана 16 наурызда келесі айқасты өткізу нұсқасын қарастыратынын айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды. 

Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.
«Қарсылас Нурмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз - Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал бұл нақты шешім» — деді Кавана MMAWeekly.com сайтына.

Нурмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік жауынгер тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен еді.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или