Хабиб Нурмагомедовқа «Халық қаһарманы» атағы беріледі

Хабиб Нурмагомедовқа «Халық қаһарманы» атағы беріледі

«Туған Дағыстан» қоғамдық қозғалысы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа «Дағыстанның халық қаһарманы»<span>  </span>атағы берілсін деген ұсыныс жасады, - деп хабарлайды<span> Propsports.kz тілшісі</span><span> </span>NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

«Отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін және UFC чемпионының белбеуін жеңіп алғаны үшін Хабиб Нурмагомедов «Дағыстанның халық қаһарманы» деген атаққа ұсынылды. Шешім қабылданып қойды. Жуырда оған қыраны бар алтын жұлдыз табысталады»<span> </span>, - деді Абдулжелилов.

Мұндай атақ сенатор Сулейман Керимовқа, күрестен олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевке, МҚК генералы Омар Муртазалиевке, саясаткер және қоғам қайраткері Гамзат Гамзатовқа берілген екен.

Естеріңізге сала кетсек, UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінің нәтижесінде ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или